Жаңалықтар

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Отбасы күнін атап өтті

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Отбасы күнін атап өтті
Фото: gov.kz 10.09.2023 14:11 930

Қарулы күштерде 6000-ға жуық көпбалалы отбасы бар, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Осы қызметтің басшылары балаларды, олардың жасын, неге әуестенетінін, немен айналысатынын жақсы біледі. Биылғы жылы "Мектепке жол" акциясы аясында әскери қызметшілердің 1800-ден астам баласы және 80-ге жуық азаматтық персонал қамтылды, – деп нақтылады Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тәттігүл Смағұлова.

ҚР Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағы күзет бөлімінің аға инспекторы аға сержант Мәмбет Сәтбалғаев әйелі Нұргүл Нұрмановамен бес ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. Ерлі-зайыптылар балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Қызы Аймекен 5-сыныпта оқиды, көркем гимнастикамен айналысады. Ол қалалық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Ұлдары – Әли мен Омардың да айтарлықтай жетістіктері бар. Олар "Сарыарқа" футбол клубында ойнайды.

Жас отбасыларға ерекше назар аударылады. Бұл санатта әскерде 8500-ге жуық жанұя бар. Өз тағдырын Отан қорғау мамандығымен байланыстырған Қарулы күштердің ардагерлеріне, әскери қызметшілер әулетіне құрмет көрсететін іс-шаралар өткізіледі. Мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор. Олар отбасылардағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді, балалардың мамандыққа деген қызығушылығын ашады, ұрпақтар сабақтастығын үлгі-өнеге етеді.

Қарулы күштерде Отбасы күні барлық әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын құттықтайды. 68665 әскери бөлімінде "Отбасы – бақыт мекені" шарасы өтті. Аталмыш шараға қатысушыларға спорттық, шығармашылық конкурстар мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Кең ауқымды бағдарламаны Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы дайындап, ашық есік күнін өткізді. Жиналғандарды ҚР Қарулы күштері Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Руслан Құлымбетов тамаша мерекемен құттықтады. "Мектепке жол" акциясы аясында ол балаларға сыйлықтар үлестірді.

Әскери ұжымдағы салауатты моральдық ахуал және отбасының ынтымағы – әскери қызметшінің табысты қызметінің, Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығының кепілі, – деп атап өтті ол.

Әскери бөлімге келушілер үшін жеке құрам мен кинологтардың жауынгерлік дағдыларын көрсету, әскери техниканың, қару-жарақ пен жауынгерлік құрал-жабдықтардың үлгілерін көрсету, көркемөнерпаздар концерті, ересектер мен балаларға арналған ойын бағдарламасы ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен сыйлықтар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға