Жаңалықтар

Қарулы күштерде «Әскер аруы» байқауының қорытындысы шығарылды

Қарулы күштерде «Әскер аруы» байқауының қорытындысы шығарылды
Фото: Қорғаныс министрлігі 08.03.2025 02:19 553

Астанандағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 8 наурызға арналған салтанатты іс-шара аясында «Әскер аруы» әскери қызметші қыздар арасындағы фотокобайқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қыздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Бұған дейін Instagram әлеуметтік желісінің ресми аккаунтында Қарулы күштердің түрлерінен, әскер тектерінен, өңірлік қолбасшылықтардан, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінен 36 қатысушының суреті орналастырылған болатын. Байқау нәтижесі оларды қолдау үшін берілген дауыс саны бойынша шығарылды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімі штабының аға маманы қатардағы жауынгер Аружан Әбдібекқызы бас жүлдені иеленді.

30131 әскери бөлімі байланыс торабы бөлімшесінің аға маманы ефрейтор Назерке Пернебай бірінші орынға ие болды. Дауыс беру қорытындысына сәйкес, екінші орын ҚР Қарулы күштері Парашют дайындығы орталығының аға маманы қатардағы жауынгер Аида Қасымоваға, үшінші орын АОСК Алматы филиалы Оқу-жаттығу кешенінің офицері капитан Зәмзәгүл Файзоллановаға берілді, - делінген мәліметте.

Өз мамандықтарын сәтті игеріп, кәсіби тануға қол жеткізген қыздар тәж киіп, марапат ленталары мен дипломдар иеленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға