Қарулы күштер басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиынын өткізді
Оқу сабақтары жетекшілік ететін бағыттар бойынша ҚР Қорғаныс министрі мен Қарулы күштер Бас штабы бастығы орынбасарларының басшылығымен өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Қарулы күштер түрлерінің командалық құрамы, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің қолбасшылары және әскери бөлімдердің командирлері қатысты.
Дәрістер мен практикалық сабақтар елордадағы бірнеше әскери нысандарда оқу топтары бойынша ұйымдастырылды. Жиындарда қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, басқару органдары мен әскерлерді даярлаудағы тәсілдерді жетілдіру мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.
Қарулы күштер командалық құрамының білім сапасы мен дайындық деңгейі Бас штаб ұйымдастырған әскери басқару органдарын дайындаудың әртүрлі нысандарын қолдану арқылы тексерілді. Осыған сәйкес жоғары басқару буынының офицерлері жедел, тактикалық және тактикалық-арнайы міндеттерді шешті. Сыныптық біліктілікті растау үшін жиынға қатысушылар атыс және дене шынықтыру дайындығынан нормативтер, сондай-ақ басшылық құжаттар бойынша сынақтар тапсырды.
Жалпы бұл жиынның мақсаты әскери қауіпсіздіктің өзекті қатерлері тұрғысынан әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етудегі тәсілдерді жетілдіруге және командалық құрамның кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.