Қару-жарақ зауыты жарылып, 12 адам қаза тапты

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
24.12.2024 15:00
680
Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир қаласында жарылғыш заттар шығарататын зауыт цехында жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жергілікті губернатор Ысмайыл Ұстаоғлы хабарлаған. Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылыс бүгін, 24 желтоқсан күні таңғы сағат 08:25-те болған.
Кареси уезінде жарылғыш заттар шығаратын зауытта жарылыс болды, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Ақпарат нақтыланып жатыр, - деді ол.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 12 жұмысшы мерт болып, үш жұмысшы жараланды. Олар ауруханаға түсті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтады
Келесі жаңалық
БҚО-да жас жігіт тұрғындарды 78 млн теңгеге алдап кеткен