Жаңалықтар

Қару тапсырғандарға 345 мың теңге төлейді

Қару тапсырғандарға 345 мың теңге төлейді
Фото: Pixabay.com 10.04.2023 12:47 1199

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға сыйақы төленетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өтемақы олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігіне 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейін әртүрлі болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді. Мысалы, автоматты ойық қаруды тапсырған азамат 100 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 345 мың теңгеге дейін ала алады, - дейді Асылбек Ыдырысов.

Ал ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін 172 мың теңгеге дейін  қарастырылған. Сонымен қатар тапаншалар мен револьверлер үшін 138 мың теңгеге дейінгі өтемақы төленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға