Жаңалықтар

Қарттарым аман-саумысың?

Қарттарым аман-саумысың?
Фото: gov.kz 01.10.2024 20:21 322

«Дүниеге келер бір рет

Дария-кеуде, тау-мүсін,

Құрыштан құйған құдірет –

Қарттарым, аман-саумысың?». Ақиық ақын Сағи Жиенбаев осылай жырлапты.  Бүгін еліміз Қарттар күнін атап өтті. Бұл күн – 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген халықаралық мереке.

Бұл мереке бастауын өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан алады. Алдымен қарттар күні Еуропада, одан кейін Америкада, ал 80-ші жылдардың соңында бүкіл әлемде тойлана бастады. Бірақ қарттар күнінің негізін салушы ретінде Жапония елі саналады. «Қарттар күнін» атап өтуді 1947 жылы шеткері аймақта орналасқан Хёго ауылының тұрғыны Масао Кадоваки ұсынған. Бастапқыда «қарттар күні» ретінде 15 қыркүйек таңдалды. Егін, бау-бақша жиналып болатын, уақыттың мамыражай кезі. Кейін бұл бастаманы көрші ауылдар іліп әкетіп, 1966 жылы ұлттық мерекеге айналған. Одан кейін халықаралық мерекеге айналды.

Қариялар көбейіп бара жатыр...

Мұқағали ақынның: «Неменеге мәз болдың бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр» деген жыры есіңізде болар?! Бірақ қазіргі жағдайда бұл керісінше болып отыр. Себебі, сарапшылар елімізде қариялар саны артып бара жатқандығын айтып дабыл қағуда. 2019 жылы Қазақстандағы ЮНФПА мемлекеттік кеңесінің техникалық қолдауымен жасалынған Қазақстандағы тұрғын халықтың жағдайына жүргізілген талдау шеңберінде жасалынған болжамдарға сәйкес, Қазақстанда алдағы 30 жылда халықтың жас құрылымын өзгертудің негізгі бағыттарының бірі адамдардың абсолютті және салыстырмалы санының өсуі болады, яғни басқаша айтқан кезде демографиялық қартаю болады. Қазақстан қазіргі кезде демографиялық қартаюдың алдыңғы кезеңінде тұр. Дегенмен, Қазақстандағы қартаюдың аймақтық негіздерін қарастыратын болсақ, ол аймақтардың жартысы қартаю көрсеткішін көрсететін 7 пайыздық көрсеткіштен асып түскен, бұл деген ұлттың қарттаюын көрсетеді. Қалыптасқан демографиялық жағдай мемлекет пен қоғамның алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер қоюда, ол дегеніміз тек қана егде жастағы халықтың негізгі өмірлік қажеттіліктерін қамту ғана емес, сонымен қоса қарт жастағыларға арнап саяси, қоғамның әлеуметтік салаларында белсенділіктерін арттыру үшін жағдайлар жасауды қамтиды. Халықтың қартаю үрдісі мемлекет үшін әлеуметтік, экономикалық, мәдени жаңа міндеттерді жүктейді, сонымен бірге әртүрлі жастағы адамдар өмір сүрулерін жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді береді.

Әлемде жасы 60-тан асқан қариялардың саны 1995 жылы 542 миллион болса, 2025 жылы шамамен 1,2 млрд-қа жетіп, екі есеге артады  деп болжаған екен БҰҰ ресми сайты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, баланың аз туылуы және халық арасындағы өлім-жітімнің азаюы әлемдегі демографиялық ахуалды айтарлықтай өзгертіп жіберген. Бүгінде әлем «қартайып» жатыр. Қарттардың саны артып, балалар мен жастардың үлесі қысқаруда. 2015-2050 жылдары әлемде 65 жастағы және одан үлкен кісілердің саны 2,5 есе өсіп, 1,6 миллиардқа жетеді деген болжам бар. 

Елімізде 100 жасаған және одан да үлкен жастағы 423 азамат бар. Мәселен, Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар екенін айта кету керек. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша еліміздегі екінші орында ең ірі қаламыздың бірі – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады. Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады. Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 114 жас, Павлодар облысы – 112 жас, Түркістан облысы – 110 жас кірді.

Әлеуметтік зерттеу не дейді?

2008 жылы ЮНФПА Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясаты істері жөніндегі ұлттық комиссияның сұранысы негізінде қартаю үрдісін талдау жасау үшін кабинеттік зерттеу жүргізуге техникалық көмектер көрсеткен және қарттарды әлеуметтік- экономикалық жағдайларын ескеру негізінде ұлттық әлеуметтік зерттеу жүргізген. Сонымен қоса, 2010-2020 жылға Қазақстанның егде жастағы халқының жағдайын жақсарту үшін әрекет етудің Ұлттық жоспарын жасауға көмектескен. ЮНФПА 2016 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне Мадрид халықаралық қартаю мәселесі бойынша атқарылатын ісәрекеттерді іске асыру жоспары бойынша Ұлттық жоспарды дайындауда қолдау жасаған. 2020 жылы ЮНФПА «Белсенді ғұмыр» жоспары бойынша Қазақстандағы қарт адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған Ұлттық жоспарды құрастыру сұрақтары бойынша Министрлікті қолдаған болатын және бұл серіктестік 2025 жылға дейін болады. 2020 жылы ЮНФПА Қазақстанда мемлекетке егде жастағы адамдардың жағдайын бағалау бойынша ақпараттар жинауға, белсенді қарттық индексін анықтауға қажетті ақпараттарды жинастыруға техникалық қолдау көрсеткен. Осы мақсатта ЮНФПА 2008 жылы жасалынған зерттеу негізінде ұлттық анықтау жұмыстарын жүргізген, қарттардың әлеуметтік- экономикалық жағдайлары мен олардың қажеттіліктерін анықтау (Covid-19 инфекциясының таралуы кезінде) үшін қосымша сұрақтар қойылған болатын, ол белсенді қарттық индексін анықтау үшін қолданылады және де (2021-2030 жылдар) қартаю мәселесіне қатысты Жол картасын болашақта құрастыруға, БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясымен бірге «Белсенді қарттық» Қазақстандағы қарттардың жағдайын жақсартуға бағытталған әрекет ету жоспарының орындалуын алдағы уақытта бақылау үшін жасалынады. Енді Қазақстандағы қарт адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен олардың қажеттіліктерін бағалау бойынша әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелеріне назар аударсақ.

2020 жылғы зерттеу шеңберінде қарт адамдардың өздерінің өміріне деген қанағаттануына байланысты көзқарастары анықталған болатын. Бағалау жүйесі он балдық бағалай жүйесімен есептелінеді, ол жерде 10 дегеніміз қарт адамның өзінің өміріне толық қанағаттанатындығын білдірсе, ал 1 дегеніміз ол мүлде, толықтай өміріне қанағаттанбайтындығын білдіреді. Осы сұрақ бойынша орташа қанағаттану көрсеткіші 10 балдың ішінде 7,9 балды көрсеткен. Өмір сүруіне қанағаттану көрсеткіші қарт адамдардың тұратын мекендеріне, отбасылық жағдайына, балаларының болуы мен материалдық жағдайға байланысты анықталады. Орташа көрсеткіш талдауы бойынша ауылдық жерлердегі қарт адамдардың өмірлеріне деген қанағаттануы (8,1), ал қалалық жерлердегі 17 көрсеткіш (7,7), некедегі қарт адамдар арасындағы көрсеткіш (8,2) ал бұл некеде ешқашан тұрмаған адамдар арасында (7,5) жоғары, жесір қалғандар арасында қанағаттану көрсеткіші (7,6) ал ажырасқандар арасындағы көрсеткіш (7,2) осындай көрсеткіштер сауалнамаға қатысқандардың өздерінің өмірлеріне қанағаттану көрсеткішін көрсеткен. Сонымен қоса, өмірге деген қанағаттану көрсеткіші балалары барларда жоғары (7,9), ал балалары жоқтар арасында ол көрсеткіш (7,3). Материалдық жағдайлары жақсы, толық қамтылған егде жастағы адамдар өздерінің өмірлеріне қанағаттану бойынша орта көрсеткіш (8,9), ал материалдық қаржылай қиындықтары бар қарт адамдар өмірлеріне қанағаттану бойынша орташа көрсеткіш (7,3). Зерттеуге қатысқандардың әлеуметтік өзін-өзі сезінулерін анықтау үшін мына сұрақ арқылы білуге болады «Төменде көрсетілген бес тұжырымдама бойынша, соңғы екі аптада өзіңізді қалай сезінгендігіңізді айтып беріңізші?» дегенде респонденттердің көп бөлігі ол (63%) өздерінің күнделікті өмірлерінде өздерін «жиі» немесе «уақытының көп бөлігінде» оларды қызықтыратын көптеген заттардың бар екендігін айтқан. Тағыда (61%) өздерін сабырлы және өздерін бос ұстайтындықтарын айтқан және 58% өздерін көңілді, тыныққан, жақсы көңіл күйде болғандығын айтқан. Жалпы алған кезде әрбір бесінші егде жастағы адам (17%-23%) «жиі емес» (13%-дан 16%-ға дейін) немесе «ешқашан» (4%-7%) соңғы екі аптада сауалнама алғанға дейін өдері жақсы, көңілді эмоцияларды өткермегендігін айтқан.

Материалдық жағдайлары артуда

2020 жылғы зерттеу нәтижелері 2008 жылғы зерттеумен салыстырған кезде егде жастағы адамдардың материалдық жағдайларының жақсарғандығын көрсетеді, бұл жайлы зерттеуге қатысушылардың өздерінің бағалауларынан көруге болады «Мен өзімді ештеңеден шектемеймін» деп жауап бергендер саны 2,7 есе артқан (8%-дан 21,9%-ға дейін). Сонымен қоса, «Күнделікті шығынға ақша жетеді, бірақ ұзақ қолдануға арналған заттарды сатып алуға (ірі тұрмыстық техника, қымбат киім, автокөлік, жиһаз) ақша жеткіліксіз» 11%- ға артқан, ол дегеніміз 35%-дан 45,8%-ға дейін артқан. Осыған сай, «Ақша тек тамақ сатып алуға жетеді» деп жауап бергендер саны азайған (28%-дан 13,3%-ға дейін, ол дегеніміз 1,3 есе) және «Ақша зейнетақыдан зейнетақыға дейін әрең жетеді» (1,65 есе - 22%-дан 13,3%- ға дейін кеміген). Қаржылай қиын жағдайда тұрған қарт адамдардың сандық көрсеткіші өзгермеген, ол дегеніміз бұрынғыдай 7%-ды көрсетіп тұр, сонда 7% егде, қарт жастағы адамдар өздеріне өте қажетті заттарды сатып ала алмай, қиын материалдық жағдайды өткеріп жатқандығын көрсетеді. Егде жастағы адамдардың қаржылық жағдайы олардың тұратын тұрғылықты мекені мен отбасылық жағдайына байланысты ерекшеленеді: 2020 жылға сәйкес қарттардың ауыр қаржылық жағдайдағы үлесі Маңғыстауда (32%), Батыс Қазақстанда (33,3%), Солтүстік Қазақстанда (26%) жоғары, Атырау (26%) және Қостанай (25%) облыстары. Сондай-ақ, жесірлердің саны (23%) және некеде тұрмағандар (24%) қиын қаржылық жағдайда. 2008 жылы мұндай респонденттердің үлесі Астана және Алматы қалаларында (39%), ал Солтүстік-Шығыс аймақта (36%) және жалғызбасты зейнеткерлер арасында (39%) жоғары болды.

Зерттеулерге сәйкес, жайлы үйлер мен пәтерлерде тұратын респонденттердің үлесі 1,8 есеге өсті - 2008 жылғы 42% 2020 жылы 74,7% дейін; жайлы жеке үйлерде тұратындардың үлесі едәуір өсті - үш еседен астам (2008 жылғы 10% 2020 жылы 36,7% дейін), тиісінше, ыңғайсыз жеке үйлерде тұратындардың үлесі айтарлықтай азайды (бес еседен астам) - 2008 жылы 36% 2020 жылы 6,8% дейін. Осылайша, жайлы үйлер мен пәтерлерде тұратын қарттардың үлесі едәуір өсті. Бұрынғыдай, жартылай жиһаздалған және қолайсыз жеке үйлер ауылдық жерлерде жиі кездеседі.

2008 жылы егде жастағы адамдардың 29% елеулі қаржылық қиындықтарға тап болғанын мойындады «зейнетақыдан зейнетақыға ақша әрең жетеді» және «қарапайым қажеттіліктерге ақша жетпейды, маған көмек қажет» деп жауап бергендердің жалпы үлесі, 2020 жылы бұл әлеуметтік санат 1,5 есеге - 19,2% дейін төмендеді, бұл оң динамиканы көрсетеді, дегенмен әрбір 5-ші егде жастағы қазақстандықтар қиын қаржылық жағдайда. Мұны 2020 жылы жаңа сұрақтарға жауап берудің нәтижелері де растайды: қарт адамдардың көпшілігінің үйінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, жақсы тамақтануға, киім-кешек пен дәрі-дәрмектерді қажет болған жағдайда сатып алуға мүмкіндіктері бар, бірақ әрбір бесінші егде адам (шамамен 20%) қиын қаржылық жағдайда, өйткені басқа шығындарды айтпағанда, коммуналдық төлемдерді төлеуге және жақсы тамақтануға мүмкіндік жоқ. Жалғыз тұратындардың және білім деңгейі төмендердің материалдық мүмкіндіктері мен жағдайлары да өте төмен.

Дені саудың жаны сау

2020 жылғы зерттеудің сауалнамасында: «Сіз дене шынықтырумен және спортпен, оның ішінде секциялық (ұйымдастырылған) немесе өзіңіз жасайтын жаттығулармен қаншалықты жиі айналысасыз?» деген сұрақ енгізілді, жауаптардың нәтижелері қарт қазақстандықтардың шамамен үштен бір бөлігі (33,3%) күн сайын дене шынықтырумен айналысатындығын көрсетеді. Егде жастағы қазақстандықтардың қалған бір бөлігі (34,1%) ешқашан дене шынықтырумен айналыспайды. Қалғандары, сондай-ақ респонденттердің шамамен үштен бір бөлігі (32,8%) кейде физикалық белсенділікпен айналысады. Бұл мәселені әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар тұрғысынан талдау көрсеткендей, 70 және одан жоғары жастағы азаматтар арасында (39,4%) дене шынықтырумен айналысатындар көп, ал 55-59 жас аралығындағы адамдармен салыстырғанда (29,5%) күн сайын дене шынықтырумен айналысатындар аз. Егде жастағы адамдардың материалдық әл-ауқатының контекстінде де айырмашылықтар бар – қаржылық жағдайы жақсы адамдар арасында (76,4%) әртүрлі жиілікпен болса да дене шынықтырумен айналысатындар көп, қиын жағдайға тап болғандарға (56,4%) дене шынықтырумен айналысады

2008 бен 2020 жылдары жүргізілен екі зерттеуді салыстыру, қарт адамдардың қатты қажет болған жағдай да ғана медициналық қызметтерге жүгінетіндігін көрсетті және бұндай жағдайлар да көбейген, осындай респонденттер саны 33%-дан 41%-ға дейін өскен. Келесі бір көрсеткіш ол медициналық қызметтерге мүлде жүгінбейтін адамдар санының азаюы, медициналық қызметтерге мүлде жүгінбегендер саны 2008 жылы 20%-дан 2020 жылғы 13,2%-ға дейін төмендеген. Гендерлік айырмашылықтар да көрінуде: әйелдер ер адамдарға қарағанда жиі медициналық қызметтерге жүгінеді, ерлер арасында «медициналық қызметтерге жүгінбеймін» деген жауаптар көп.

2020 жылғы сауалнамаға сәйкес денсаулық жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайтын егде жастағы адамдардың үлесі едәуір өсті (үштен біріне, 2008 жылғы 59% -дан 2020 жылы 79% -ға дейін). Денсаулығын «жақсы» деп бағалайтындардың үлесі едәуір өсті (шамамен 4 есе): 5%-дан 18,6%-ға дейін. Тиісінше, денсаулығын қанағаттанарлықсыз деп бағалайтындардың үлесі айтарлықтай төмендеді, бұл «едәуір нашар», «нашар» және «маған үнемі медициналық көмек қажет» бағалауларының қосындысы: 2008 жылғы 42%-дан 2020 жылы 22%-ға дейін. Әрбір бесінші қарт адамның денсаулық жағдайы қанағаттанарлықсыз, бұл 2008 жылмен салыстырғанда екі есе аз. Ер адамдар өз денсаулығын көбінесе жақсы деп бағалайды - ерлердің 33% және әйелдердің 22%, ал сирек - 9% ерлер мен әйелдердің 14%. Әйелдердің 12% және ерлердің 7% тұрақты медициналық көмекке мұқтаж екендігі де анықталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тұрғындарды сүт безі, жатыр мойны және қуық асты безінің қатерлі ісігін анықтауға арналған ауқымды медициналық скрининг, оның негізгі мақсаты ауруларды алғашқы сатысында анықтау және оның дамуын болдырмау, сондай-ақ аурудың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдар анықтайды, осыған қарап егде жастағы адамдардың осы скринингтен өтулері қарттардың қамтылуының жоғарылауы көрінген, оған келесі зерттеу нәтижелері дәлел:  2020 жылы сүт безі қатерлі ісігі бойынша скринингтен өтуге ұсынылған әйелдердің үлесі (2008 жылы 33% -дан 2020 жылы 68%-ға дейін) және жатыр мойны обыры бойынша (2008 жылы 29%-дан айтарлықтай өсті (екі есеге), ал бұл көрсеткіш 2020 жылы 59% дейін өскен). 2020 сауалнамасының нәтижелері бойынша осындай тексеру жұмыстары ұсынылғандардың барлығы оны аяқтап, тексеруден толық өткен. Бұл тексерулерден әйелдердің аз ғана пайызы (1-2%) медициналық мекемелердің тексеруден өтуге шақыруынсыз өздідері тексеруге қатысқан. Еркектерді тексеруге қатысты көрсеткіштері төмен: 2008 жылы респонденттердің тек 23% және 2020 жылы 28% қуық асты безі ауруын анықтау мақсатында тексеруден өтуге шақырылды; 2008 жылы ерлердің тек 17% осындай тексерулерден өткен болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 28% дейін өсті, яғни осы тексеруден өтуге ұсынылған ерлердің барлығы тексеруден барлығы дерлік өтті.  Респонденттердің тұрғылықты мекен типі бойынша айырмашылықтар жоқ; профилактикалық тексерулер тұрғылықты жеріне қарамастан ерлер мен әйелдердің тең үлесін қамтиды: ауылда, шағын немесе үлкен қалаларда толығымен халық бұндай тексерулерден өтеді. Зерттеулер көрсеткендей, егде жастағы адамдардың көп бөлігі көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қанағаттанған (2008 жылы - 62%, 2020 жылы - 60,4%). 2020 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша егде жастағы науқастарға медициналық қызметкерлердің назар аудармауын көрсеткен респонденттердің үлесі үштен біріне төмендеді (2008 ж. 52%-дан 2020 ж. 38%-ға дейін), ал медициналық мекемелердегі кезек мәселесі (сәйкесінше 46%-дан 34%-ға дейін) азайды. Осы жылдар ішінде бір проблема шешілмей қалды ол «жақын аралықтағы медициналық мекемеде қажетті мамандандырылған дәрігерлердің болмауы», 2020 жылға сәйкес бұл медициналық 68 қызметтердің сапасына қанағаттанбаудың ең көп тараған себебі болып табылады (респонденттердің 43% 2020 жылы, ал 45% 2008 жылы атап өтті). Оның үстіне, бұл ауылдарда, шағын қалаларда және ірі қалаларда бірдей таралған көрініс.  Егде жастағы адамдарда туындайтын жалпы медициналық қызметтерді алу кезіндегі кең танылған мәселе: мамандандырылған дәрігерлердің тексеруін алуға мүмкіндіктерінің болмауы (хирург, кардиолог, офтальмолог, уролог, гинеколог, ортопед, эндокринолог және т.б.), МРТ және компьютерлік томография, стоматология, әртүрлі ультрадыбыстық құрылғылар арқылы ішкі органдарды тексерту әлі күнге дейін қол жетімді емес болып тұр. Негізгі мәселе - тағайындалған медициналық қызметтердің қол жетімді емес, жоғары құны. Көмекке зәру болулары Басқа адамдардың физикалық көмегіне деген қажеттілік 70 жастан асқан егде жастағы адамдарда (31%) жас топтарға қарағанда әлдеқайда жиі кездеседі (55-59 жаста - 16%, 60-69 жаста - 22%).

Белсенді қариялар саны артуда

Респонденттердің басым көпшілігі (2008 жылы 80% және 2020 жылы 69%) көмекке мұқтаж болған кезде балаларына жүгінетіндігін көрсетті. Респонденттердің айтарлықтай аз саны (2008 жылы 9% және 2020 жылы 12%) егер олар сырттан көмекке мұқтаж болса, олар басқа туыстарына, тіпті дегенде көршілеріне жүгінетіндігін мәлімдеді (2008 жылы 4%, 2020 жылы 2%) және достарына жүгінетіндер (2008 жылы 2% және 2020 жылы 3%). 2008 жылы респонденттердің 5% көмекке мұқтаж болса, жүгінетін адамдары жоқ екенін мойындады, 2020 жылы мұндай респонденттердің 3,4% көрсеткішін көрсеткен. 2020 жылғы сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің тек 0,8% ғана әлеуметтік қызметтерден көмек сұрайтынын көрсетті. Респонденттердің көпшілігі көрсеткен әлеуметтік қолдау мәселелеріндегі басты артықшылық (2008 жылы 85% және 2020 жылы 78%) мемлекеттік зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін көбейту болып табылады. Медициналық қызметтерді қол жетімді ету қажеттілігін атап өткен респонденттердің үлесі (2008 жылғы 35% 2020 жылы 48% -ға дейін), бұл соңғы 12 жылда медициналық қызметтер Қазақстанның қарт азаматтары үшін анағұрлым қол жетімді бола алмағандығын көрсетті, осығна қарап қарт адамдардың медициналық қызметтерге деген сұраныстың артуы және денсаулыққа деген қажеттіліктің маңызы да артқандығын көрсетеді. Егде жастағы адамдардың бос уақыттарын өткізулері, спорттық немесе танымдық/ білім беру қызметтеріне қатысулары 2020 жылғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, егде жастағы адамдардың көбі оларға жақын ортаның әлеуметтік өміріне қатысуға белсенділік танытады. Қарт адамдар әртүрлі жиілікпен болса мынадай белсенділіктерге қатысады ол немерелеріне күтім көрсету (38%), жастарды еңбек дағдыларына үйрету (33%), моральды қолдау көрсету (62%)- бұларды олар аптасына 1-2 рет болсын істейді. Егде жастағы адамдар отбасының әлеуметтік белсенділіктеріне көп ат салысады – олар әсіресе кішкентай балалар, немерелеріне, науқас немесе мүгедектігі бар туыстарына көмектесу, бұл жердегі гендерлік айырмашылықтай минималды – 45,4% 55 және оданда жоғары жастағылар үшін, балаларына, немерелеріне күтім немесе білім берумен аптасына бір рет болсын айналысатындар 45,1% ер адамдар, 45,5% әйел адамдар. Жалпы алғанда, 25,1% сұрауға қатысқан респонденттер отбасының мүгедектігі бар немесе науқас мүшелеріне, көршілері мен достарына көмектесетіндіктерін айтқан (25,2% 69 ерлер, 25% әйелдер). Ал күнделікті түрде мүгедектігі бар, науқас отбасы мүшелеріне көмек, көршілері мен достарына көмектесетін қарт адамдар 18%- дан 20%-ға дейін. Егде жастағы адамдардың бос уақыттарын өткізулері, спорттық немесе танымдық/ білім беру қызметтеріне қатысты қалаулары 2020 сауалнамаға қатысқан респонденттердің 66,2% дене жаттығуларымен белгілі бір жиілікпен айналысады - күн сайын 48,6% немесе аптасына кемінде бір рет, 17,6% - айына бірнеше рет немесе одан аз. Пандемияға байланысты шектеулер алынып тасталғаннан кейін, егде жастағы адамдардың жартысынан көбі (57%) мыналарға қатысқылары келетіндіктерін айтқан болатын: концерттер, театрлар, кинотеатрлар сияқты мәдени-демалыс шараларына барғысы келеді. Спорттық іс-шаралардың маңызды бөлігі (38%) бассейндерге баруды жөн көреді. Үштен бір бөлігі (30%) кітапханаларға баруды жөн көреді. Сауалнамаға қатысушылар қандай әлеуметтік белсенді шаралар мен іс-шараларға барғылары келетіндіктерін атады: қонаққа баруға, тойға (мерекеге), достарына, туыстарына, мешітке, шіркеуге бару, көшелерде, саябақтарда, тауларда серуендеу, Қазақстанның ішінде және сыртында саяхаттау, санаторийлерге бару, курорттарда, кафеге бару, бақшаға бару, жеке шаруашылықпен айналысу, балық аулауға, саңырауқұлақ теруге, жидектер теруге, қолөнер үйірмесіне, нанды тағамдарды пісіру, гүл өсіру және т.б. істермен айналысқылары келетіндіктерін атаған. Жалпы алғанда, 17% әр түрлі мәдени, спорттық және білім беру шараларына қатыспай, үйде тыныш отыруды қалайды. Зерттеу көрсеткендей, егде жастағы адамдардың бос уақытқа, спорттық және танымдық-тәрбиелік іс-әрекеттерге деген ықыластары әр түрлі, олардың маңызды бөлігі белсенді демалысты, үйде отырғысы келетіндер үй шаруасын жасауды немесе жақын адамдарымен, туыстарымен, достарымен сөйлесуді, жақсы оқиғаларымен бөлісіп отыруды, олармен пікір бөлісуді қалайтындықтары да анықталды.

Жас кезіңде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер

Еңбек белсенділігі мен егде жастағы адамдардың жұмысқа орналасуға деген ниеттері 2008 және 2020 жылдармен салыстырмалы зерттеу деректері зейнетке шыққан және зейнетақы алған азаматтардың басым көпшілігі жұмысын жалғастырғысы келмейтіндігін растаған. Екі зерттеу бойынша жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі өзгерген жоқ: 2008 жылы 14% және 2020 жылы 14,3%. Осылайша, зейнеткерлердің көп бөлігі (86%) ақы төленетін жұмыс істемейді. Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігінің пікірі бойынша, зейнеткерлер зейнетке шыққан кезде демалуға, ұнататын хоббилерімен және жұмыстарымен айналысуға, саяхаттауға, немерелерін тәрбиелеуге көмектесуге және т.б. істерді істейтін жаста екендігі айтылған. 2020 жылғы сауалнамаға сәйкес, зейнетақы мөлшері оларды қанағаттандырмайтындықтан, қосымша табыс алу үшін жұмыс істеу керек екенін көрсеткен жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі 2008 жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге азайды (2008 жылғы 83%-дан 47%-ға дейін 2020). Сонымен қатар, зейнетке шыққан және осындай мүмкіндік болған жағдайда жұмыс істегісі келетін қарт адамдардың үлесі 2,5 есеге өсті: 2008 жылғы 10%-дан 2020 жылы 25%-ға дейін. Бұл басқа нәтижелерге сәйкес келеді: жұмыс істегенді ұнататын және жұмысын жалғастыруға дайын жұмыс істейтін зейнеткерлердің үлесі 2008 жылғы 28%-дан 2020 жылы 38%-ға дейін өсті. Осылайша, зейнетке шыққан әрбір азаматтың алдында таңдау мүмкіндігі мен егер жұмыс істеуге ниеті болатын болса онда оны істеуге мүмкіндігі де болуы керек. Қарт адамдардың қоғамдық және саяси белсенділіктері 70 2020 жылғы сауалнама егде жастағы адамдардың көпшілігі белсенді сайлаушылар екенін және өкілдік сайлауға белсенді қатысатындығын растады: 2008 жылы 75% және 2020 жылы 74%. Әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар аясындағы талдау көрсеткендей, жас тобы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым олар сайлауға белсенді қатысады: 55-59 жаста - 72%, 60-69 жаста - 74% және 70 жас және оданда жоғары жастағылар - 81% сайлауға қатысады екені анықталды. Ауылдардағы қарттар (80%) және шағын қалалардың тұрғындары (79%) ірі қалалардың тұрғындарына (67%) қарағанда сайлауға қатысып, дауыс береді.

Қарттарға құрмет – баршаға міндет

Жыл сайын аталған мереке күні құзырлы органдар және облыс, қала, аудан әкімдері қарттарды құттықтап жатады, түрлі форматта мерекелік шаралар ұйымдастырылып келеді. Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі.

Мемлекет аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдауда. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға ілгері индекстеледі.

Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылардың мөлшері 9%-ға ұлғайтылды және ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақының мөлшері арттырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 60%-ынан 65%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-ынан 105%-ына дейін арттырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, оларға әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда.

Республикада 92 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, жұмыс істеуде. Орталықтардың жұмысына істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2024 жылға 5,9 млрд теңгені құрады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағытта жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс. Орталықтардың қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыруға (йога, скандинавиялық жүріс, цифрлық сауаттылықты арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.), қарттардың еркіндігін қамтамасыз етуге, қоғам өміріне қатысуға бағытталған.

1 қазанда елімізде Қарттар күніне орайластырылған айлық басталады. Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды, еңбек ұжымдарында кездесулерді, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда Ашық есік күндерін және басқаларды өткізетін болады.

Сонымен қатар Қарттар күніне орай Астана қаласында, Ақмола (ең төменгі зейнетақы алушыларға), Қарағанды (75 жастан асқан азаматтарға), Павлодар (ең төменгі зейнетақы алушыларға және 80 жастан асқан азаматтарға), Шығыс Қазақстан (90 жастан асқан азаматтарға), Маңғыстау (70 жастан асқан азаматтарға 25 қазанға қарсы), Түркістан (жалғызбасты зейнеткерлерге және 100 жастан асқан азаматтарға) облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында (70 жастан асқан азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға) 235,8 мың адамды қамти отырып, жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.

Жалпы, биыл жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қарт азаматтарды әлеуметтік қолдауға 12,4 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды (оның ішінде жергілікті бюджеттерден – 11,8 млрд теңге, тартылған қаражат есебінен – 0,6 млрд теңге), оның ішінде: азық-түлік жиынтығын ұсынуға – 229,4 млн теңге (26,5 мың адам); жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге – 2 млрд 318 млн теңге (62,2 мың адам); тіс протездеуге – 515,5 млн теңге (3,9 мың адам); санаторийлік-курорттық емдеуді ұсынуға – 3 млрд 448 млн теңге (23,3 мың адам); тұрғын үйді жөндеуге – 31,4 млн теңге (189 адам); отынмен қамтамасыз етуге – 75,6 млн теңге (2,6 мың адам); жалпы пайдаланудағы көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсынуға – 5 млрд 179 млн теңге (409,9 мың адам); көмектің басқа түрлеріне – 638,4 млн теңге (81,5 мың адам).

Түйін: Республикада жасы бойынша 2,4 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Жоғарыдағы зерттеулер мен сауалнамаларға сенсек, қариялардың жағдайлары жыл санап жақсарып келеді. Мемлекет те оларға бар қамқорлығын аямауда. Демек бұл көрсеткіш алдағы уақытта да жақсы көрсеткіштерге қарай өзгереді деген сеніміміз де жоқ емес. Қазыналы қарияларымыз аман болсын!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға