Қарқарары орманына найзағай түсіп, өрт шықты

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
06.07.2023 15:44
1120
Қарқаралы ормандарында тұтанған өртті орманшылар дер кезінде байқап, сөндіріп үлгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6 шілдеде сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен «Қазәуеорманкүзеті» күштерімен сөндірілді. Өрттің шығуына найзағай себеп болған, - деді Қарағанды облыстық ТЖД мамандары.
Осы ретте Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынып отыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады