Қарағанды облысында әйел адамға шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 25 тамыз күні түнгі уақытта криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлерінің Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұстаған.
Қарағанды облысының ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаевтың айтуынша, күдікке ілінген азамат облыстық полиция департаментіне жеткізіліп, қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қарқаралыда әйел адамға шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
26.08.2023 13:26
1024
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында суға батқан 11 адамның біреуі табылды
Келесі жаңалық
Мұрат Нұртілеу Хорватия Премьер-министрімен кездесті