Қарғалыда жәбірленуші қыздың анасы көршісіне қарсы арыз жазудан бас тартты

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында кішкентай қызды ұрып-соққан әйел табылды. Жәбірленуші қыздың анасы көршісіне қарсы шағымданбайтыны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы әйелге қарызын қайтармағандықтан, ол ашумен осындай әрекетке барған.
Қыз баланың анасы ауылдасына қарсы арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызынан жауап алғызудан бас тартты.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда жас келіншек үш баласының көз алдында асылып қалды
- Әйелімен ұрсып қалған ақтөбелік көшеде бейтаныс адамға оқ атты
Бұл факт ҚК 389-бабы Өзiнше билiк ету бойынша Жамбыл ауданы ББ ЕҚДБ-да тіркелген. Іс бойынша процестік шешім қабылдау үшін барлық жағдайлар анықталады. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды, – деді ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін желіде баланың аузын және қолдарын айқастырып матамен байлап, көшеде ертіп жүрген бейнежазба тарады. Оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірген еді.
