Жаңалықтар

Қарғалыда кішкентай қызды ұрып-соққан әйел іздестіріліп жатыр

Қарғалыда кішкентай қызды ұрып-соққан әйел іздестіріліп жатыр
Фото: Видеодан кадр 20.07.2023 11:50 1151

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысының Қарғалы ауылындағы қыз баланың видеосына пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыз бала табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Қыздың анасы көрші әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрғанын айтты. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Анасының сөзінше, бұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін, - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Динара Зәкиева қазір баланы ұрған әйел іздестіріліп жатқанын айтты.

Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады, - дейді Динара Зәкиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға