Қарғалыда 21 жастағы егіздер суға батып кетті
Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
14.06.2024 15:19
832
Қайғылы оқиға Ақтөбе облысында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
13 маусым күні екі жас жігіт суға шомылуға кеткен, бірақ олар рұқсат етілмеген жаққа барған. Жігіттердің бірі тұншыға бастағанда, екіншісі оны құтқаруға секірген, сөйтіп екеуі де көз жұмды.
13 маусым күні Қарғалыда екі жас жігіт суға батып кетті. Құтқарушылар олардың бірінің денесін сол күні тапқан, екіншісі түнгі үште табылды, – делінген Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Шомылу маусымы басталғалы облыстың су арналарында төрт адам қайтыс болды, оның ішінде біреуі кәмелет жасына толмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды