«Қарайып кеткен сотуар»: Ерке Есмаханның басы дауға қалды
Қазақ эстрадасының танымал әншісі Ерке Есмахан өзі шығарған бұйымының сапасыз екенін мойындап, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды
Бұл өнім тұтынушыларға жеткен соң, сапасына қатысты бірнеше шағымдар түскен. Атап айтқанда, сотуарлар бір-екі рет тағылғаннан кейін қарайып, өзінің бастапқы қалпын жоғалта бастаған.
Өз жазбасында Ерке Есмахан бұл жағдайға байланысты қатесін мойындап, кінәні толық өз мойнына алатынын атап өтті.
Өзім шоктамын. Кей сотуарлар өңін өзгертіп жатыр екен. Неше күннен бері командамен себебін зерттеп жатырмыз. Осының бәрін дұрыстап қадағаламаған кінә менен және командадан-деп жазды әнші.
Сондай-ақ, ол бұйымды алған соң қарайып кеткен азаматтардың мәселесін де шешіп беретінін айтқан.
Егер сотуар қарайып,өзгеріп жатса,командаға хабарласыңыздар,проблеманы шешіп береді. Дым уайымдамаңыздар- деді Ерке Есмахан.