«Қарайған ақша кетті». Рысбек Аташ үйіне қанша қаражат жұмсағанын айтты
Әнші Рысбек Аташтың үйінің құрылысына қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды. Бұл туралы ол Жұлдызды шаңырақта бағдарламасында баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жұрттар сияқты пысық емес екенмін. Пысық болайыншы деп бір дәптер арнап, бастаған едім. Оның ортасына келгенде әрі қарай есеп жазылмай, қалып қойды. Соңына дейін жеткізе алмадық. Маған ағаларым көмектесті дедім ғой. Ол ақша жеткіліксіз ғой. Қарайған ақша кетті. Құдай жеткізді. Нақты сомасын, шынымды айтсам, білмеймін. Шамамен 35-40 миллион теңгедей кеткен шығар, - деді ол.
Оқи отырыңыз:
- Абай Асылхан мен Жәнел Мақажан жаңа туған перзентіне қандай есім қойғанын айтты
- Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады
Сондай-ақ Рысбек Аташ құрылысы енді басталған бір үйді алып қойған екен.
Қай жерде екенін айтпай-ақ қояйын. Ол бір тұрғын үй кешені. Қаланың ішінде, жертөлесі бар. Жертөлесі 100, бірінші қабаты 100, екінші қабаты 100 шаршы метр. Барлығы 300 шаршы метр. Жері кішкентай, 6 сотық. Іші әлі дайын емес, сырты ғана салынған, - деді әнші.