Жаңалықтар

Қараша айында күн сайын 400-ге жуық бала емделуге жатқызылды

Қараша айында күн сайын 400-ге жуық бала емделуге жатқызылды
Фото: ©El.kz/Мұхтар ХОЛДОРБЕКОВ 02.12.2023 20:53 949

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биылғы қараша айында елімізде болған эпидемиологиялық жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне қарағанда, балаларға арналған 2911 орын бар, оның ішінде 139-ы реанимациялық. Елдегі аурухана төсек-орындарының шамамен 52 пайызында балалар емделіп жатыр. Ауру тез тараған өңірлерде резервтік орындар қамтамасыз етілген. Биыл 10 қарашадағы жағдай бойынша 2079 бала стационарлы тәртіпте емделіп жатыр», - делінген министрліктің Kazinform агенттіне берген жауабында.

Сонымен қатар елімізде күн сайын 300-ден астам бала ауруханадан емделіп шықса, ал 400-ге жуық бала емделуге барады.

Жақында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылша өршіген облыстарды атады. 

Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, 82 пайыздан астамы балаларға тиесілі. Оның ішінде, 83 пайызы – екпе алмаған балалар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға