Жаңалықтар

Қарақат Әбден сотталған әйелдерге амнистия жасауды сұрады

Қарақат Әбден сотталған әйелдерге амнистия жасауды сұрады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 29.01.2025 13:02 531

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден сотталған әйелдердің мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Мәжілісмен ішкі істер министріне жолдаған депутаттық сауалында әйелдердің қылмысы зорлық-зомбылыққа қатысты болмаса және олар қоғамға қауіпсіз екені расталса, амнистия жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Депутат бүгінде 2336 әйел бас бостандығынан айырылғанын, олардың жартысы - аналар, оның ішінде 250-і - көпбалалы ана екенін алға тартты.

1500-ден аса бала анасыз қалып, аналарымен қауышуды күтіп жүр. 100-ге жуық сәби балалар үйіне жіберілген. Бұлар жай ғана цифрлар емес: бұл - ойран болған отбасылар, бұзылған тағдырлар, ең сорақысы ана жылыуынан айырылған сәбилер, - деді депутат.

Қарақат Әбден сотталған әйелдерге амнистияны қолдану үшін мынадай шарттар ұсынды:

- зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталған әйелдер;

- жүкті әйелдер мен кішкентай баласы бар әйелдер;

- көпбалалы әйелдер;

- алғаш сотталған әйелдер;

- жасы ұлғайған (60-тан асқан) әйелдер.

Ал ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс жасап, зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыс жасап, сол үшін сотталған, қоғамға қауіп төндіретін әйелдерге амнистия жасалмайды. Бұл мәселеде халықаралық тәжірибе жеткілікті. Мәселен, Қырғызстанда әйелдерге 1996 жылдан бері 3 рет амнистия жасалған. Өзбекстанда2013 жылы амнистия жасалып, әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылды. Ресей Президенті 2023 жылы әйелдергеамнистия жасау туралы идеяны қолдады. АҚШ-тың кейбір штаттарында әртүрлі қылмыс жасап сотталған әйелдерге бір неше  ретамнистия жасалды, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға