Жаңалықтар

Қарақалпақстандық делегация Маңғыстаудың ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысты

Қарақалпақстандық делегация Маңғыстаудың ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысты
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі 07.07.2024 23:47 630

Өзбекстан Республикасының «Made in Uzbekistan: Industrial potential of Karakalpakstan» атты бизнес форум аясында Маңғыстауға сапарлап келген ресми делегация мен кәсіпкерлер ірі кәсіпорындарды аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірдің қоғамдық Коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

Маңғыстау өңіріне Қарақалпақстан Республикасы жоғарғы кеңесінің төрағасы  А.Орынбаев, делегация және Қарақалпақстан Республикасынан келген кәсіпкерлер Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А. Өрісбаевпен бірге «Ақтау ОРЦ»  көтерме тарату орталығы,  «Ақтау теңіз сауда порты «ҰК» АҚ,«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ , Автолюкс ЖШС көтерме тарату орталығының жұмысымен танысқаны жөнінде Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Яхияұлы атап өтті.

Бүгінгі бизнес-форумда қос тарап екіжақты меморандумға қол қойды. Меморандум аясында, өңірдегі сауда саласындағы нысандардың Өзбекстан Республикасынан келген делегацияға жұмыс барысы таныстырылды. Сондай-ақ, көршілес елден келген кәсіпкерлер теңіз порты арқылы жөнелтетін жүктерді тасымалдау барысын көріп, өз қызығушылықтарын танытты. Онымен қоса, арнайы экономикалық аймақта   «West ECO Plast» ЖШС қаптама бұйымдарын шығаратын зауыт (big bag) жұмысын тамашалады. Алда осы өндіріс бағыттары бойынша ортақ серіктестік пен байланыс орнату жоспарланды, - деді Дастан Яхияұлы

Сонымен қатар, ең алғаш таныстырылған нысан  - «Ақтау ОРЦ» ЖШС көтерме тарату орталығы. Осы тұрғыда, Ақтау көтерме тарату орталығының директоры Бекзат Жеткізгеновтің айтуынша, маусым айында іске қосылған кешен 40-мың тонна тағам сақтауға арналған. Осыған байланысты шетелден келетін тауарларды қабылдауға дайын. Форум аясында кәсіпкерлерге қызу жұмыс барысы және жоспар жоғары деңгейде таныстырылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға