Жаңалықтар

Қарағандының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айыппұл салынды

Қарағандының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.09.2023 04:33 857

Айыппұл сомасы 396 750 теңге, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды облысы Саран қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына (Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы) 396 750 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Мекеме психрометриялық гигрометрлер, көрсететін манометрлер, техникалық термометрлер, бой өлшегіш және медициналық термометрлер сияқты тексерілмеген өлшеу құралдарын қолданды.

Бұл салыстырып тексеруден өтпеген өлшеу құралдары алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде және шаруашылық қызметте пайдаланылды, бұл «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзу болып табылады. Яғни, олардың нәтижелері өлшеулердің дұрыстығын қамтамасыз етпейді және нәтижесінде адамның денсаулығы мен емделуінің дұрыс емес диагнозына әкелуі мүмкін. 

Қолданылатын бой өлшегіш өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмегенін атап өткен жөн.

Бұдан басқа, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мекемеге қатысты бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Жеке ұсыныс шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға