Жаңалықтар

Қарағандыны су басып, мектеп-интернаттың шатыры көкке ұшты

Қарағандыны су басып, мектеп-интернаттың шатыры көкке ұшты
Фото: instagram.com/meiram_kozhukhov 11.08.2023 10:33 1030

Қарағандыда нөсер жауын жауып, қатты жел тұрды. Соның салдарынан көшелерді су басып, мектеп-интернаттың шатыры көкке ұшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Зардапты жою қалай жүргізіліп жатқанын Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов айтты.

Нөсер жауынға байланысты бірнеше көшені су басқаны байқалып отыр, бірнеше ағаш құлады, шатырлардың бұзылу жағдайлары бар. Коммуналдық қызметтер мен арнайы техникалар шұғыл режимде жұмыс істеп жатыр. Барлық мәселені бақылауда ұстап отырмын, - деп жазды шаһар басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, бүгін кешке қалада жаңбырдың айлық мөлшері түскен.

Мұндай көлемді бір мезетте қабылдауға жауын-шашын суы канализациясының шамасы жетпеді. Дәл қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, су кетті. Бірнеше ауланы су басқан жағдайлар бар, қазір суды сору жүргізіліп жатыр. Электр энергиясымен жамбдықтау жүйесіне де зақым келді. «Қарағанды Жарық» оқиға орнында, салдарын жойып жатыр, - деді қала әкімі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кожухов Мейрам (@meiram_kozhukhov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға