Жаңалықтар

Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды
Фото: © Polisia.kz 26.06.2023 09:06 804

25 маусым күні сағат 21:30-да белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полиция жасағына берді.

Полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс бастады. 

Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға