Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
25.06.2023 23:44
935
Оқиға 25 маусым күні сағат 21:30-да болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полиция жасағына берді.
Полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс бастады.
Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Малайзияда Димаштың ерекше концерті өтті