Қарағандылық тергеуші джиу-джитсуден әлем чемпионаты атанды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
29.05.2023 11:53
1286
Қарағандылық тергеуші Бангкокте өткен джиу-джитсуден әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, Таиланд астанасында джиу-джитсуден өткен әлем чемпионатында Қарағанды қалалық ПБ-ға қарасты Оңтүстік-шығыс ПБ, тергеу бөлімшесінің тергеушісі Аян Әмзе алтын медальға ие болды.
Аян – Қазақстан құрама командасының ішінде чемпион атанған жалғыз қыз. Спортпен осыдан алты жыл бұрын мектеп оқып жүргенде айналыса бастаған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді