Қарағандылық әскерилер суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды
Фото: t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm
21.07.2023 10:15
724
Қарағанды қаласындағы 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқи отырыңыз:
- Жерлеу орнын таңдау мен қабірдегі құлпытас биіктігі: Жаңа ереже бекітілмек
- Алматыда жас келіншек үш баласының көз алдында асылып қалды
Бөлімше командирі кіші сержант Темірлан Қайратұлы Малмаков пен ефрейтор Дмитрий Андреевич Канискин Қарағанды қаласының демалатын су орнында жүргенде, жартастан секіріп, аяғынан ашық сынық алып, суға бата бастаған шамамен 30 жастағы ер адамды құтқарды. Сол сәтте суға батып бара жатқан әйелдің көмек сұраған дауысын естіп, оған да көмек көрсетті, - деп жазды ТЖМ-нан.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда екі жасар баланың мұрнынан дәрігерлер 10 тірі құрт алып шыққанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға