Қарағандыдағы төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр
Бұл туралы шаһар әкімінің міндетін атқарушы Мейрам Қожықов мәлімдеді
Қарағанды қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мейрам Қожықов 16-қабатты үйдің тұрғындарын орналастыру жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт болған үйдегі пәтерлерге өрттен емес, судан (өрт сөндіру кезінде шашылған су – ред.) зиян келген. Қазіргі сәтте тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Туысы барлар туыстарының үйіне барса, баратын жері жоқ тұрғындарға қонақүйлер дайындалып жатыр. Жеті пәтердің тұрғындары жатақханаға орналастырылды, - деді қала әкімінің міндетін атқарушы.
Төтенше жағдай орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та барған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның себеп-салдары нақтыланып жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 18/2 бойындағы үйде жарылыс болып, өрт шыққан. Төтенше жағдай 16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерінде жарылыс салдарынан болған.
