Қарағандыдағы кен орнында 24 жастағы жұмысшы қаза тапты
Ол кен үйіндісінің астында қалып қойған
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz
25.01.2023 15:22
924
Қарағанды облысы, Шет ауданының Ақжал кентінде 24 жастағы жұмысшы кен үйіндісінің астында қалып, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қайғылы оқиға «Nova Цинк» ЖШС кен орнында болған. 1999 жылы туған жігіт кен үйіндісінің астында қалып қойған.
«Биылғы 25 қаңтарда кенді итермелеу бойынша жұмыс жүргізу барысында қабылдау бункерінде 1999 жылы туған жұмыскер қайтыс болды», - деп хабарлады өндіріс орнынан.
Марқұмның туған-туыстарына кәсіпорын басшылығы жерлеу рәсіміне көмек көрсететінін айтты. Қайтыс болған жұмыскер үйленбеген.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті