Жаңалықтар

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 22.07.2024 14:20 584

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенованың айтуынша, зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы ауыр. Барлығына кешенді шокқа қарсы терапия жүргізіледі.

YDD Corporation ферроқорытпа зауытында болған оқиға негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156 «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыдағы YDD Corporation компаниясының ферроқорытпа зауытында №1 пеште кенеттен жалын шығып, соның салдарынан сегіз адам зардап шекті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға