Жаңалықтар

Қарағандыдағы балалар тамақтан уланбаған – ДСМ

Қарағандыдағы балалар тамақтан уланбаған – ДСМ
Фото: t.me/KZgovernment 08.08.2023 10:19 1150

Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығынан ауруханаға түскен 14 баланың жетеуі сауығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда балалар орталықтағы дәрігерлердің бақылауында. Алты бала реанимация бөлімінде жатыр. Төрт баланың жағдайы оң динамикамен әлі ауыр. Екі баланың жағдайы өте ауыр күйде. Жағдайдың ауырлығы неврологиялық және интоксикациялық синдромына, яғни тыныс алудың жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр, - деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Оқи отырыңыз:

Ол Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы және тексеру іс-шараларын жалғастырып жатқанын атап өтті.

Алдын ала эпидемиологиялық тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелері аурудың даму сипаты тамақтан уланбағанын және инфекциялық аурулардың жоқтығын көрсетті. Бұл жағдайдың болу себебін дәрігер мамандар токсикалық заттан қатты улану деп пайымдайды, - деді Ажар Ғиният.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Естеріңізде болса, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған бір бала қайтыс болып, тағы алтауы жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлағанбыз. Осы жайтқа байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасаған болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға