Жаңалықтар

Қарағандыда жұрт көзінше жалаңаштанған екі ер адам ұсталды

Қарағандыда жұрт көзінше жалаңаштанған екі ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz 20.04.2023 18:35 670

Полиция өкілдері Қарағанды облысында арлы-берлі өткен жүргіншілердің көзінше жалаңаштанған екі ер адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалардағы оқиғалардың бірі Қарағанды қаласында болса, екіншісі Теміртауда болған.

20 сәуірде әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орындарда жалаңаш жүрген екі адамның бейнежазбасы жарияланды. Қарағанды қаласының орталығында бірі шалбарын шешсе, Теміртау қаласында жарияланған бейнежазбада белгісіз ер адам жалаңаш жүргені анықталды. Полиция қызметкерлерімен бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтар анықталды, - делінген хабарламада.

Полицейлер қазіргі кезде оларды диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатқанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға