Қарағандыда жүргізуші көлігімен бірге тірідей жанып кетті
Фото: Қарағанды облысының полиция департаменті
Фото: Қарағанды облысының полиция департаменті
29.06.2023 13:30
836
Қарағандыда жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранып, жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 28 маусым күні сағат 18.00 шамасында болған.
Қарағанды қаласының Федоров су қоймасына барар жолда 41 жастағы «Мерседес Бенс» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылған.
Алдын ала болжам бойынша ол рульге ие бола алмай қалған. Содан кейін автокөлік өртеніп кетті.
Жүргізуші дене жарақатынан оқиға орынында қайтыс болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Назарбаевқа қатысты тағы бірқатар заңға өзгерістер енгізіледі