Қарағандыда жаппай төбелес ұйымдастырмақ болған 42 адам ұсталды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
25.07.2023 17:30
1033
Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінің маңында төбелеспек болған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, олар сауда үйлерінің бірінің маңындағы автотұрақта өзара қарым-қатынасын айқындамақ болған.
Оқи отырыңыз:
- Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жауапқа тартылды
- Елімізде жыл басынан бері өндірісте 69 адам көз жұмған
Полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді. Көліктер Қарағанды қалалық полиция басқармасының автотұрағына қойылды, - делінген мәліметте.
ҚР ҚК 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мұхтар Әблязовтың ағасы әрі сыбайласы ұсталды
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті