Қарағандыда төбелес кезінде екі адам жарақат алды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
04.06.2023 02:09
787
Төбелес салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
3 маусым сағат 19:52 шамасында 102 телефонына Қарағандыдағы Ерубаев көшесінде төбелес болып жатқаны туралы ақпарат түсті.
ҚР ІІМ мәліметінше, оқиға орнынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді.
Патрульдік полиция «Абзал» сауда үйінің маңынан 25 және 26 жастағы екі күдіктіні ұстаған. Біреуінен пышақ, екіншісінен кастет тәркіленді.
Ұсталғандар полиция басқармасына жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Артистік жүзуден Әлем кубогының финалында екі медаль иелендік