Қарағандыда синтетикалық есірткі жарнамасына қарсы рейд өтті
![Қарағандыда синтетикалық есірткі жарнамасына қарсы рейд өтті Қарағандыда синтетикалық есірткі жарнамасына қарсы рейд өтті](/storage/storage/element/2025/02/13/mainphoto/142351/1200xauto_D8XmKQlH9F5SP0xYQgo0FdsjS1UadyjszmxXT59C.jpg)
Бүгін Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы Қарағанды қаласының полиция басқармасымен бірлесіп, қала көшелеріндегі жеке үй-жайлардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткінің жарнамалық жазуларын жою бойынша жаппай рейд өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған рейд есірткі заттарының таралуымен күресу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Оған полиция өкілдері, ЖРО жанындағы «Kind QJ» волонтерлері мен Қарағанды қаласының колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ белсенді қала жастары қатысты.
Суреттер: Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы
2024 жылы Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы полиция басқармасымен, волонтерлер, белгілі спортшылар және блогерлермен бірлесе отырып, қала көшелеріндегі жеке үй-жайлардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткінің жарнамалық жазуларын жою бойынша 257 рейд өткізіп, 7000-нан астам жазу бояды.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)