Жаңалықтар

Қарағандыда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды

Қарағандыда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Фото: Видеодан кадр 12.03.2025 04:20 217

Қарағанды облысының Абай ауданында Восток ауылынан 2 шақырым жерде екі адам мінген жеңіл көлік қар құрсауында тұрып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына келген төтеншеліктер дереу іске кірісіп, көлікті тазартылған жолға тартып шығарды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елдімекеннен тысқары шығудан аулақ болуды қажеттіін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға