Жаңалықтар

Қарағандыда пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға айыппұл салынды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Қарағандыда пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға айыппұл салынды
Фото: tolqyn.kz 26.12.2022 16:10 948

Қарағанды облысында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға 842 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Рейдтік топтар құрылып, 86 іс-шара өткізілген. Профилактикалық іс-шараның бірінші күнінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 13 фактісі анықталды. Аталмыш деректерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің  196-бабы бойынша ("Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау") әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жалпы сомасы 842 мың теңгеге айыппұл салынып, 214 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.

Мысалы, Қарағандыдағы базарлардың бірінде пиротехникалық бұйымдарды құжаттарсыз сатқан екі тұлға анықталды. Олардың біреуінен 27 дана, ал екіншісінен 17 дана тыйым салынған тауар тәркіленді.

Теміртаудағы базарда пиротехникалық құралдарды заңсыз саудалаған 41 жастағы қала тұрғынынан 11 дана тауар тәркіленді.

Ал, Балқаш қаласының 21 жасар тұрғыны пиротехникалық тауарларды интернет арқылы сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны 8 дана заңсыз өнімді сатып алушыға тапсырған кезде анықтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға