Өрт сөндірушілер өрттен үш адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды қаласы Молокова көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде жалпы төрт шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздар өртенді.
ТЖМ күштері пәтерлерден құтқару қалпақтарының көмегімен 3 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу:
