Қарағандыда өрт сөндірушілер өрттен үш баллонды алып шықты

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
08.08.2024 23:11
651
Бүгін Қарағанды қаласында 2 қабатты жеке тұрғын үйде сыртқы қаптама астындағы жылуұстағыш жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер Мирас Қарабаев пен Байдәулет Қадырбеков үйден 2 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды.
Қарауыл бастығы Мақсат Боранбеков 1 оттегі баллонын шығарды. ТЖМ күштерімен өрт 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Бөлісу:
