Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
14.12.2024 15:12
848
Қарағандыда қысқы спорт түрі мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арена мұз айдынында өтіп жатқан чемпионатқа 100-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина және Диас Жиренбаев сияқты танымал мәнерлеп сырғанаушылар бар.
Бұл чемпионат — Қазақстандағы мәнерлеп сырғанауда нең басты жарыстардың бірі. Дәл осы додада еліміздің әртүрлі санаттағы үздік спортшылары анықталады.
Бөлісу:
