Жаңалықтар

Қарағандыда киіз басудан шеберлік сабағы өтеді

Қарағандыда киіз басудан шеберлік сабағы өтеді
Фото: Қарағанды облыстық әкімдігі 08.03.2024 16:12 752

Іс-шара Қарағандыдағы кітапханада өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 10 наурызда ескі киіз басу өнері бойынша тегін шеберлік сабағына шақырады. Этнодизайнермен, Еуразиялық Дизайнерлер одағының және Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі Евгения Шульцпен бірге оқушылар «Боз дала» атты үлкен кенеп жасауға мүмкіндік алады.

Қарағандылық суретші өз суреттерінде киіз басуды кескіндемемен байланыстырады. Жүннің әртүрлі реңктерінің көмегімен шебер пейзаждың барлық түстерін жеткізе алады, - делінген мәліметте әкімдік таратқан мәліметте.

Көркем киіз техникасы өте қызықты. Шеберлік сабағында біз бірге үлкен сурет жасаймыз, оның көлемі 1,2 метр болады. Ыңғайлы болу үшін бірнеше үстел қойямыз. Бұл эскиздерсіз жасалатын авторлық жұмыс, – дейді Евгения Шульц. 

Ұйымдастырушылар барлық материалды шебер ұсынатынын еске салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға