Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген әккі ұры ұсталды
Фото: Қарағанды облыстық ПД
Фото: Қарағанды облыстық ПД
20.01.2024 16:44
800
Қарағанды полицейлері халықаралық іздеуде жүрген ұрыны ұстады. 33 жастағы азамат еліміздің бірнеше қаласында ұрлық жасады деген күдікке ілінген, деп деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні криминалдық полиция және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен құрықтады. Ұсталған азамат Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу кезінде жас жігіт Қарағанды қаласында жасаған үш қылмысын мойындаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға