Қарағандыда екі жүк көлігі соқтығысты

Фото: instagram.com/112qaragandy_tjd
Фото: instagram.com/112qaragandy_tjd
11.11.2024 15:43
534
Қарағанды облыстық ТЖД мәліметінше, жол апаты бүгін Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс индустриалды аймағы ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бір-біріне соғылған «Scania» және «Volvo» жүк көлігі өртенген. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеген. Өрт ауданы 60 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан бағандағы екі бағдаршамның корпусына зақым келген, - делінген мәліметте.
Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады