Қарағандыда бокстан ел чемпионаты басталады

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
18.12.2024 02:31
1165
Бүгін Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, аталған чемпионатқа ұлттық құраманың көптеген көшбасшысы қатысады. Алайда құрлық біріншілігінен кейін ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР чемпионатына дайындалуға уақыттың болмауына байланысты республикалық турнирге қатыспайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 14:00-де, ал кешкі сессия 18:30-да басталады. Жалпы, ел чемпионаты 24 желтоқсанда аяқталмақ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Талғарда 50 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті