Жаңалықтар

Қарағандыда бір топ адам 40 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген

Қарағандыда бір топ адам 40 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі 26.01.2024 14:15 682

Қарағанды облысының тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша қылмыстық әрекетке барған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған факті бойынша ҚМА аумақтық Департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық схема сатып алушы контрагенттермен үшжақты шарт жасасу арқылы микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды пайдалану арқылы жүзеге асқан.

Контрагент бақылауындағы ЖШС-ге емес, МҚҰ-на қарызды өтеу түрінде төлем жүргізген.

Бұл қылмыс жасаушы азаматтарға қарыз беру шарттары негізінде қолма-қол ақша алуға және оларды жеке тұлғаларға беру арқылы жалпы сомадан 2-6% - ға дейін материалдық пайда алуға мүмкіндік берді.

Мәселен, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты.

Тергеу барысында жалған шот-фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық әрекетті бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Қарағанды облысының тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды.

Тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға