Қарағандыда бес балаға азғындық әрекет жасаған ер адам сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
29.12.2023 13:29
823
Қарағанды облысында бес бірдей балаға азғындық әрекеттер жасаған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Сотта оның 2023 жылғы 2 сәуірде Қарағанды қаласының 16-шағын ауданында 5 балаға ақша ұсына отырып, азғындық әрекеттер жасағанын анықталды.
Сот қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушыға педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа жылды бірінші рет Астанада қарсы аламын - министр
Келесі жаңалық
Оралда жолаушылар автобусы өртенді