Жаңалықтар

Қарағандыда басталған халықаралық робототехника фестиваліне 300-ден астам команда келді

Қарағандыда басталған халықаралық робототехника фестиваліне 300-ден астам команда келді
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі 04.11.2023 12:51 895

Қарағандыда RoboLand Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі сегізінші рет өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Биыл финалға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және Ресейден 300-ден астам команда жиналды. Екі күн ішінде олар 16 санат бойынша техникалық жарыстарға қатыспақ. 

Биылғы жылы фестивальде "Roboland Kazakhstan" санатындағы робототехника мұғалімдері де өз дағдыларын көрсетеді. Осы жылдар бойы төрешілер тобын Халықаралық спорттық және білім беру робототехникасы қауымдастығының президенті Максим Васильев басқарады.

Жыл сайын фестивальдің ауқымы артып келеді, RoboLand әртүрлі елдердің робототехникалық шығармашылығының серіктестерін біріктіреді, – деп есептейді бас төреші. – Мұндай фестивальдарда жеңіс емес, қатысу маңызды. Негізгі сыйлық – бұл жерде балалардың алатын білімі. Олар тәжірибе алмасады, басқа қатысушылардың жұмыстарын, техникалық шешімдерін көреді. 

Португалиядан келген қонақ Фернандо Рибейро да шараның ауқымдылығына таң қалды. Минью университетінің профессорының Қазақстанға алғаш келуі, мұндай жарыстарды түрлі елдерде бақылағанын айтады.

Біздің елімізде балалар мен жасөспірімдерді білім беру жобаларына қызықтыруға тырысамыз. Мен басқа мемлекеттерде техникалық саланың қалай дамып жатқанын білемін. Мұнда маған бәрі ұнайды, өте жақсы ұйымдастырылған. Тіпті кішкентай балалардың да қатысатынына таң қалдым. Жас ұрпақтың дамуы үшін жағдай жасау маңызды, - деп бөлісті Фернандо Рибейро.

RoboLand фестивалі Қарағандыда 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұйымдастырушы – ҚР Білім Министрлігінің, "Kazdidac" қауымдастығының, білім беруді тұрақты дамыту қорының, сондай-ақ демеушілердің қолдауымен Қарағанды облысының білім басқармасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға