Жаңалықтар

Қарағандыда әйел адам төртінші қабаттан құлап кетті

Қарағандыда әйел адам төртінші қабаттан құлап кетті
Фото: gamerwall.pro 25.06.2023 14:51 765

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде 4-қабаттағы балконнан бойжеткен құлап, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Оқыс оқиға 25 маусымда қаладағы Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Шамамен 25 жастағы қыз 4-қабаттағы балконнан құлаған. Әлеуметтік желілерде куәгердің бейнежазбасы тарады. Онда дәрігерлер жапа шегушіні тексеріп, ауруханаға алып кеткенін байқауға болады. Денсаулық сақтау басқармасынан оның жағдайы туралы түсініктеме берді. 

Науқастың миына зақым келген. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Аталған жағдайға қатысты полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз өкілдері. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға