Жаңалықтар

Қарағандыда ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржыландырудың жаңа түрі ұсынылады

Қарағандыда ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржыландырудың жаңа түрі ұсынылады
Фото: gov.kz 17.02.2023 10:54 838

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы саласында 14 ірі инвестициялық жоба дайындалды, деп хаарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оларды Солтүстік Қазақстан облысының агробизнесі мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылының ұқсастығы бойынша іске асыру жоспарлануда.

Жобаларды қаржыландыру шарттары туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың Нұра ауданының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесуінде айтылды.

– Ауыл шаруашылығы министрлігіне облысымыздан 14 жоба ұсынылды. Іске асыруға 37,6 млрд теңге қажет болады. Қаржыландыру "Сарыарқа" өңірлік ӘКК арқылы жүзеге асырылады. Мөлшерлеме жылдық 4%-дан аспайды. Мерзімі – 8 жылға дейін, екі жылдық дәлізі бар. Кепілдік талап етілмейді. Жабдық пен мал сатып алу ғана қаржыландырылады, олар кепілге алынады, – деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Сырым Бошпанов.

Өңірде 11 сүт-тауар фермасы салынады. Олардың бірі Нұра ауданында 800 бас ірі қара малмен ашылады. Осының есебінен сүт өңдеу кәсіпорындары жұмыспен қамтамасыз етіліп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, ішкі нарықта жергілікті өндірушілердің тауарлары көбірек болады.

Сондай-ақ Абай ауданында картоп қоймасы мен құс фабрикасын салуға қаражат бөлінеді. Бұқар Жырау ауданындағы ет бағытындағы құс фабрикасы жаңғыртылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға