Қарағандыда 52 жастағы әйелден жарты килограмға жуық героин тәркіленді

Фото: t.me/POLICE / Видеодан кадр
Фото: t.me/POLICE / Видеодан кадр
11.05.2023 15:30
966
Полиция қарағандылық әйелден жарты килограмға жуық жуық героин тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 52 жастағы әйелді анықтаған. Тінту кезінде күдікті ерікті түрде жалпы салмағы 448 гр болатын үш орам героинді тапсырды.
ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде,-делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қытаймен визасыз режим Қазақстанға не үшін керек?
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті