Қарағандыда 12 жастағы оқушыны көлік қағып өлтірді

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
06.02.2024 11:55
1290
Қарағандыда 12 жастағы оқушы көлік қағып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол жаяу жүргіншілер жолынан өтіп, мектепке бара жатқан.
Көлік жүргізушісі 50-ге таяп қалған ересек адам. Жеке компанияда жұмыс істейді. Жаяу жүргіншілер өткелінде баланы байқамағанын айтады, - делінген бейресми деректерде.
Қазір Аманжолов көшесінің бойындағы қайғылы оқиға болған жерде көліктің жүруіне тыйым салынған. Онда кептеліс пайда болды.
Бөлісу:
