Жаңалықтар

Қарағандыда 12 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама тарады

Бұл хабарламалар мектептің электрондық поштасына түскен
Қарағандыда 12 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама тарады
Фото: Shuterstock 22.12.2022 17:42 1223

Дәл осы жағдайға қатысты Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісімен мектептерге барлық жедел қызметтер жұмылдырылған, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

22 желтоқсан күні, яғни бүгін сағат 11:00-ден бастап Қарағанды қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы бірқатар мектептерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түсе бастады. Бұл хабарламалар мектептердің электрондық поштасына түскен.

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі берген мәліметке сүйенсек, ол жерлерді тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері хабарламаны жіберген адамды анықтап жатыр, — делінген ресми мәліметте.

Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні — 14,5 млн.теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Аталған өңірдегі полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, 12 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама тараған. Бұл оқиғаға қатысты қаладағы бірнеше мектептің оқушылары оқу орындарынан көшірілсе, кейбір мектептерде екінші ауысымдағы сабақтар онлайн форматқа ауысқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға