Жаңалықтар

Қарағанды және Ұлытау облыстарының шекарасы белгіленеді

Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты
Қарағанды және Ұлытау облыстарының шекарасы белгіленеді
Фото: inbusiness.kz 14.11.2022 14:23 1598

Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілейтін Үкімет қаулысы шықты, деп хабарлайды El.kz.

Құжатқа сәйкес, Қарағанды облысының шекарасы жалпы ауданы 18893661,0 гектарды құрайтын Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын Ұлытау облысына бере отырып, қайта өзгертіледі.

Осы қаулымен жалпы ауданы
18893661,0 гектарды құрайтын Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қосу арқылы Ұлытау облысының шекарасы белгіленді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енді және одан туындайтын шараларды қабылдау Қарағанды және Ұлытау облыстарының әкімдіктеріне жүктелді.

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №744 қаулысы

Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қарағанды облысының шекарасы одан Ұлытау облысының құрамына беру үшін Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы
18893661,0 гектар жерін алып тастау арқылы өзгертілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы
18893661,0 гектар жерін қосу арқылы Ұлытау облысының шекарасы белгіленсін.

3. Қарағанды және Ұлытау облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Ә. Смайылов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға