Қарағанды сусыз қалды

Фото: El.kz/Артем Чурсинов
Фото: El.kz/Артем Чурсинов
30.07.2023 21:52
842
Қарағандыдағы Назарбаев көшесінде коммуналдық апат болып, бірқатар тұрғынүй сусыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Назарбаев, 11-35, 20-36, Гоголь 21-31, Чижевский, 11-29, Лобода, 46/2 көшесінде тұратын тұрғындар суық сусыз отыр.
«Қарағанды Су» ЖШС мәліметіне сәйкес, Назарбаев, 19/1 көшесіндегі су құбырынан ақау шыққан.
Орталық сумен жабдықтау цехының бригадасы апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген мекеме таратқан хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шығыста шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға кетті
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы